Сатып алу

info@readwithquestions.com

САЙТТЫҢ МАҚСАТЫ - БАЛАҒА ОҚЫҒАНЫНЫҢ МАҒЫНАСЫН ТҮСІНІП ОҚУДЫ ҮЙРЕТУ

1. Мәтіннің екі данасын басып шығарыңыз:
а) бала үшін сұрақтарсыз,
б) сұрақтары бар мәтінді тек ата-анаға.
2. Бала мәтінді (әңгіме, ертегі) ішінен оқу керек.
3. Одан кейін ересек адам баладан әңгіменің не туралы екенін түсініп түсінбегенін сұрайды.
4. Жағымды жауап алған жағдайда ересек мәтін бойынша сұрақтарды қоюға көшеді.

Кітаптың

ШАУҚАРҒА

0-1 СЫНЫП

3-4 Сөйлемнен тұратын әңгімелердің
ДЕМО-НҰСҚАСЫ

АЛАМАННЫҢ
ҚЫСҚА ДАЙЫНДАЛҒАНЫ ТУРАЛЫ

2-3 СЫНЫПТАР

ӘҢГІМЕНІҢ ДЕМО-НҰСҚАСЫ

Демо нұсқасы

ҚАСҚЫР
ЖӘНЕ ҚОШҚАР

0-1 СЫНЫП

ЕРТЕГІНІҢ
ДЕМО-НҰСҚАСЫ

ДАЛА ТЫШҚАНЫ
МЕН
ҚАЛА ТЫШҚАНЫ

2-3 СЫНЫПТАР

ЕРТЕГІНІҢ ДЕМО-НҰСҚАСЫ

ДҰРЫС ОҚУҒА ҮЙРЕТУДІҢ ОН ҰСЫНЫСЫ

Мәтіннің екі данасын жүктеп алып, басып шығару керек: балаға сұрақтарсыз және ата-анаға сұрақтары бар мәтіндер.

Ата-аналардың назарына мағыналы оқуды үйретуге арналған 7 оқу құралы ұсынылады, әрқайысысында жеті әңгіме, ертегі немесе комикстер жинақталған. Кейбір оқу құралдарана демонстрациялық нұсқалар (демо-нұсқалар) тіркелген, оларды қарап шығу сұрақ  қою және оқуды үйрету бағдарламасын құрастыру тәсілдерімізді түсінуге мүмкіндік береді.  

Мектепке дейінгі жастағы және бірінші сыныпта оқитын балаларға:

      1)  3-4 сөйлемнен тұратын әңгімелер,  1 том

      2)  5-7 сөйлемнен тұратын әңгімелер, 1 том

      3)  Ертегілер, 1 том

      4)  Комикстер, 1 том

2-3 сыныптарда оқитын балаларға

        5) Әңгімелер, 1 том

       6) Ертегілер, 1 том

       7) Комикстер, 1 том

 

  1. Жаңадан оқуды үйренген баламен (бұл 3-4 жасар бала да, бірінші сынып оқушысы да болуы мүмкін), алдымен тек бір ғана сөйлемнен оқу қажет. Содан кейін баланың оқыған мәтіннің мағынасын қалай түсінгенін талқылау керек. Ары қарай осы технология бойынша екінші сөйлем оқылады. Содан кейін 3-4 сөйлемнен тұратын бүкіл мәтін (ал комикстер 2 сөйлемнен де құралуы мүмкін) оқылады. Сонымен қоса, бұл бастапқы кезеңде, бүкіл мәтін оқылған кезде оның мазмұнын толыққанды түсінудің мүмкін еместігін білу керек. Мәтінді түсінуге тек реттілікпен, кезеңділік арқылы қол жеткізіуге болады.
  2. Тезірек оқи алатын бала (минутіне 25-35 сөз) 3-4 сөйлемнен тұратын бүкіл мәтінді оқи алады. Содан кейін ата-анасы балаға сұрақ қояды: әңгіменің не туралы екенін түсінді ме? Жағымды жауап алған болса, ересек адам сұрақтар қою мен жауаптарды талқылауға кіріседі. Баланың жауаптарында дәлсіздіктер болса, сөйлемді (әңгімені) қайтадан оқып, содан кейін ғана талқылауды жалғастыру қажет.
  3. Баланы оқуға үйретуші ересек адам келесі ережелерді қатаң сақтауы тиіс – 2-ереже – іштей оқу туралы және 3-ережені есте сақтауы тиіс –БАЛАНЫҢ МӘТІНГЕ ҚАТЫСТЫ СҰРАҚТАРДЫ ҚОЮҒА ҚҰҚЫҒЫ, сонымен қоса 4-ережені ұмытпауы тиіс – оқығанды айтып беруді талап етпеу.
  1. Күн сайын оқуға кеңес беріледі. Оқитын мәтіннің көлемі балада, әсіресе мәтінді мектеп тапсырмаларының көлемімен салыстыру мүмкіндігі бар оқушыларда жағымсыз реакция тудырмайтын болуы керек.

Мағыналы оқу дағдыларының қалыптасуы үшін жүйелі оқуды кемінде 7-8 апта бойы жалғастыру қажет. Әрине, біреулерге бұдан аз уақыт, басқаларына керісінше көбірек уақыт керек болуы мүмкін. Мағыналы оқудың дағдысы қалыптасқанда осы қабілетті сақтап қалу үшін 2-3 жыл ішінде (2-3 сыныптарда оқу кезінде) қайта-қайта бірлескен оқуларды ұйымдастырып, балаға міндетті түрде сұрақтар қойып, оқығанды бірге талқылау қажет.

Осындай мониторингке баланың қалауы бойынша әдебиетті немесе мектеп сабақтарын пайдалануға  болады.

Осы үрдісте «іштей» оқу және сұрақтар қою технологиясы өзгеріссіз қалады, сондықтан ересектердің талқылауға  дайындалуы ұсынылады, яғни талқыланатын мәтінді және оған қойылатын сұрақтарды міндетті түрде өзі оқып алу керек.

  1. Мағыналы оқу дағдылары қалыптасқан және жаза білетін балаларға сұрақтарға мәтінге қарамай жазбаша жауап беруге мүмкіндік беруге болады. Әрине, бала алдымен мәтінді оқып, және түсінгені туралы сұраққа жағымды жауап берген соң ғана мүмкін болады. Сұрақтарға жазбаша жауаптардың аптасына 2-3 реттен жиі болмайтын түрде қойылуы ұсынылады.
  2. Ересектердің баламен әңгімелерді, мысалы, «Күз» туралы әңгімесін оқығаннан кейін, күздің белгілерін бақылауға саябаққа (немесе аулаға) баруға және серуеннен кейін күз тақырыбына салынған суреттерді авторымен қызу талқылауға дайын болулары керек. Немесе «Тиін» әңгімесін оқыған соң, сіздің балаңызда, ал кейде өзіңізде осы жазда жирен, ал қыста сұр түсті тиін туралы тағы бірдеңе білуге қызығушылық туындау мүмкін.
  3. Сонымен қоса бала кеше оқығанды қайта оқуыңызды өтінуі мүмкін. Тіпті осындай тілегі бірнеше рет туындауы мүмкін. Бұл деген баланың оқығанды әрі қарай ұғынуды қажет ететінін білдіреді, сол себептен сұрақтары да қайталануы мүмкін, қайталанады да. Осындай өтініштер мен сұрақтарға тыйым салмауыңызды ұсынамыз. Керісінше, бұл мәтінді қайта оқып, сұрақтарға тағы бір рет жауап беруге керемет сылтау. Әрине, осы сұрақ қою және оларға жауап алу технологиясы бойынша жұмыс жасау керек. Шыдамды болыңыз.
  4. Сұрақтардың жауаптарына қатты назар аударыңыз. Сіздің жауаптарыңыз түпкілікті, болжамсыз, әсіресе бұрмалаусыз болуы қажет.

Бала оқу барысында қателер жіберсе, бір-бір сөйлемнен ажыратып, әңгімені қайта оқу қажет. Сұрақтардың рөлі мен құндылығы, бала мәтін бойынша сұрақтарға жауап бергенде, оның алдында әр жолы жаңа сөйлем құру қажеттілігінің туындауында жатыр. Әр жолы өзі жауап құрастырғанда, сөздік қорын байытады. Тек баланың алдымен қысқа сөз орамдарын құрып, кейін жайылма сөйлемдерді  пайдалануы әдеби тілдің дамуына мүмкіндік туғызады. Көптеген өлең мен мәтіндерді жаттағаннан, өкінішке орай, сауатты әдеби тіл пайда болмайды.

  1. Әр мәтін (әңгіме, ертегі, комикстер) бойынша сұрақтар тек оның мазмұнына қатысты. Әдістемелік құралдарды дайындауға кіріскенде, біз барынша бағалаушы, болжамды, салыстарымалы сұрақтардан аулақ болуды мақсат еттік. Мысалы, мынадай:

Сен қалай ойлайсың, мына бала дұрыс жасады ма?

— Сен қашан болса да мені алдадың ба? Сен әркез мына бала сияқты шындықты айтасынба?

— Ал сендер сыныпта бір-біріңе көмектесесіңдер ме?

— Сен оның орнында болсаң, қандай жауап берер едің?

  1. Сондықтан, қандай болса да бағалаушы сұрақтарды қоймауыңызды ұсынамыз, өйткені біздің ортақ мақсатымыз – оқығанды түсіне оқуды үйрету. Оқу барысында сөйлем сайын баланың жадында әрбір сөйлемнің мағынасы қалады. Бастапқы кезеңде баланың тек бір сөйлемнен оқып, оны ересекпен талқылайтынын есте сақтаңыз. Кейін келесі сөйлемге көшіледі. Бағалаушы, болжамды сипаттағы сұрақтарды қою оқу кезеңінде мәтіннің мағынасын  түсінуге недергі келтіреді.

Бағалау – мүлдем өзге іс, бір нәрсе немесе әлдекімге деген көзқарас. Мағыналы оқуды үйреніп, сіздің балаңыз ерте ме, кеш пе осы көзқарастың дамуы мен тұжырымдалуына өздігінен жақындай бастайды.

ОҚУҒА ҮЙРЕТУДІҢ ТӨРТ ЕРЕЖЕСІ

ОҚУҒА ҮЙРЕТУДІҢ ТӨРТ ЕРЕЖЕСІ:

Бірінші ереже: Бүкіл мәтіндер қысқа, жай, түсінікті, мағынасы бойынша аяқталған болуы тиіс. Оқытудың бастапқы кезеңіндегі мәтіндерде мүмкіндігінше мағынасын ашатын суреттің болғаны абзал. Мәтіндердің баланың буындарға бөлуіне ыңғайлы, 20-22 кегльден кем емес, ірі шрифтпен басылғаны маңызды.

Екінші ереже: Бала ішінен үндемей, тек «көзбен» оқу керек. Үндемей ішішен оқу күйіне көшу үшін баланың аз уақыт сыбырлап оқуына рұқсат етіледі. Әсіресе осы уақытқа дейін ата-анасы баладан дауыстап оқуын талап еткен  болса.

Үшінші ереже: Оқу барысында туындаған баланың барлық сұрақтарына  ересек міндетті түрде жауап беруі тиіс.

Төртінші ереже: Баладан жаңа ғана оқыған мәтінді қайтадан айтып беруін талап етпеу керек.

ТӨРТ ЕРЕЖЕ МЕН ОН ҰСЫНЫС ТУРАЛЫ

ТӨРТ ЕРЕЖЕ МЕН ОН ҰСЫНЫС ТУРАЛЫ

Ұсынылған әдістемелік құралдар мектепке дейінгі жастағы және бастауыш мектептің балаларын түсініп оқуға үйретуге арналған.

Осы құралдар баланы оқығанының мағынасын түсінуге үйретуші ересектің бағыттаушы картасы іспеттес тірегі болуға негізделген. Көп жылдар бойы біз оқу дағдысы зияткерлік және тұлғалық ерекшеліктерінің деңгейін өлшейтін көптеген басқа тесттердің бір бөлігі болып табылатын балалардың сараптау тестілеулерін ұйымдастырып келеміз.

Тәжірибеге қарай, төртінші сыныптан орта буынға көшкен оқушылардың ең көп 5%-нда ғана толыққанды оқу дағдысы қалыптасқан.

Тестілеуден кейін біз ата-аналармен кері байланысқа шығып, нәтижелер бойынша кездесу ұйымдастырамыз. Кездесу барысында әдетте біздің нұсқаулықтарымызды, соның ішінде оқуды дамыту бойынша,  үнемі ұстанатындығына сендіреді. Жарты жыл, бір жылдан кейін балалар мониторингтық тестілеуден өтеді, бірақ барлық балалар санынан тек бір-екеуінде ғана оқу дамуы байқалады. Қалған балалардың жағдайы сол тұрақты ауыр мен апаттық деңгей арасында қалып, іс жүзінде өзгермейді.

Қайта тестілеудің нәтижелерімен танысқан кезде ата-аналар, әрине, қатты өкінеді және тағы өз әрекетсіздігі үшін ақталады. Түсіндірулері, көбінесе, екі себепке саяды: уақыттың жетіспеушілігі және баланың оқығанын талдау үшін сұрақтар құрудағы қиындақтар.

Жағдай үнемі қайталанады. Жылдан жылға біз оқуды дамыту бойынша ұсыныстарды береміз, алайда  жылдан жылға олар орындалмайды. Содан кейін басқа балалар мен басқа ата-аналар келеді, кейін барлығы қайталанады.

Сондықтан біздің басты ұсынысымыз мынадай: БАЛАНЫҢ КІТАП ОҚУҒА ҚЫЗЫҒУШЫЛЫҒЫН ТЕК ЕРЕСЕК АДАМНЫҢ КӨМЕГІМЕН, ЖӘНЕ ОНЫҢ СӨЗСІЗ ТАБАНДЫЛЫҒЫМЕН ОЯТУ МҮМКІН.

Баланың оқығанын түсінуі үшін:

  1. Бала ішінен, үндемей оқуды үйренуі керек.
  2. Ересек адам баламен оқығанын талқылаған кезде балаға сұрақтарды қоярда осы «ТӨРТ ЕРЕЖЕ» мен «ОН НҰСҚАУЛЫҚТЫ» басшылыққа алуы керек.

ӘДІСТЕМЕЛІК ҚҰРАЛДАРДЫҢ ТІЛІ ТУРАЛЫ

ӘДІСТЕМЕЛІК ҚҰРАЛДАРДЫҢ ТІЛІ ТУРАЛЫ

Әдістемелік құралдар төрт тілде: қазақ, орыс, түрік және ағылшын тілдерінде ұсынылған. Мәтіндердің мазмұны бірдей.

Баланың мектепте оқитын тіліндегі құралды таңдаңыз. Мектепке дейінгі жастағы бала екі тілді бірдей меңгерген болса, оқуды екі тілде де жүргізуге болады. Алайда оқуға үйрету тек бірінші сыныпта басталған болса, мектепте оқитын тілге негізделу керек. Не болғанда да, бірінші сыныпты аяқтағанға дейін. Кейін басқа тілдерде оқуды дамытуды еш ауыртпалықсыз қосуға болады.

Басқа тілдердегі құралдардың қосымша пайдасы мынада. Мысалы, балаңыз орыс тілінде оқитын болсын, бірақ бірінші сыныптың бағдарламасында міндетті түрде қазақ және ағылшын тілдерін оқытылуы енгізілген. Бірінші жылдың соңында балалар осы тілдерде оқи және жаза алады, бірақ басты оқитын тіліндегі деңгейіндей жоғары болмайтыны  сөзсіз.

Бастауыш мектептегі оқыту басқа тілдерде оқудың дағдыларын қалыптастыру үшін ең қолайлы кезең. Мәтіндер бірдей болған соң, арқашан бірнеше тілде материалдар қол астында болады, баланың оқығанын талқылау кезеңінде жөн табуға мүмкіндік береді. Тіпті, баламен бірге оқып өзіңіз де шетел тілін меңгергеніңізді де аңғармай қалуыңыз мүмкін.

БАЛАЛАР НЕГЕ ОҚЫМАЙДЫ

БАЛАЛАР НЕГЕ ОҚЫМАЙДЫ?!

Осы себептен олар математикадан бақылауды да шығара алмайды. Өйткені есептің шартын, оқығанның мәнін түсінбейді. Парадокс: бала сабақ үстінде және тіпті үйде де (егерде мұғалімі немесе ата-анасы есеп шартын түсіндірсе) есепті шығарады, ал бақылауды шығара алмайды, себебі өз бетінше есеп шартын оқи алмай осындай оп-оңай әрекетті жасай алмайды. Әрине, ол оқи алады, яғни жазылғанды дыбыстай алады. Соған қоса бала қатты дауыстап мәнерлеп (өкінішке орай, көбінесе мұғалімдер мен ата-анасы осыны талап етеді) оқиды. Бірақ бала оқығанын, дұрысы, ауызша айтқанын түсіне ме?! Көбінесе барлығын емес, арқашан да емес. Барлық балалар оқығанын түсіне бермейді. Барлық бала оқығанынан қажетті ақпаратты алып, қорытынды шығаруға үйренбеген. Ересектердің де барлығының бірдей оқығанын түсіне бермейтінін мойындайық.

Математикадан бақылау бұл тек мысал ғана. Алдағы өмірде Сіздің балаңызға қаншама осындай бақылаулар мен есептерді шығаруға (немесе кезекті рет шегінуге) тура келеді?

Мәтінді түсіну – бұл уақытында қалыптастырып жан-жақты дамытуды қажет ететін дағды. Қаншалықы ертерек басталса, соншалықты жақсы болады. Егерде оқығанды түсіну дағдысы баланың ерте жасында (бастауыш мектепте) қалыптаспаса, ол ересек өмірде де қалыптаспайды. Балалардың оқымауының себебі, олардың ата-аналары – біз өзіміз оқымаймыз. Көптеген ата-аналар сияқты біз де кітап оқуға деген сүйіспеншілік балаларымызға мектеп қабырғасында үйретіледі деп қатты қателесеміз. Өкінішке орай бұл олай емес. Заманауи мектепте баланы дауыстап және мәнерлеп оқуды ғана үйретеді.

Алайда түсінуді үйрету өте қиын. Оқуға деген сүйіспеншілікті ояту одан да күрделі. Әсіресе бір күні балада оқығанына қызығушылық пайда болмаса, оны жүзеге асыру мүмкін емес.

Осы ұшқынды дер кезінде байқап, оны ұқыптылықпен сақтай отырып, бар күшті салып жаңадан пайда болған қызығушылықты қолдау өте маңызды. Бұл нөсер жаңбыр кезінде от жаққандай, оңай іс емес. Теледидар экранынан және ойын-сауықтар жүктелген ұялы телефон, планшет пен компьютерлердің бетінен тоқтаусыз шабуылдаған ақпараттық ағындарға төтеп беру оңайға соқпайды.

Сізді баланың табиғи рекцияларын басқара отырып, осы үрдісті иненің құлағындағы қайтпау нүктесіне өткізгенге дейін күнделікті көп еңбекті талап ететін күрделі жұмыс күтуде.

Сол кезде лап етіп шыққан қызығушылықтың жалынын ешнәрсе де өшіре алмас.

Ол бүкіл ғаламға таралған қажымай-талмай білімге ұмтылудан, қоршаған әлемге деген алды-артын орап алатын қызығушылыққа дейін лап етіп жанады.

Оқығанын түсінуді үйренген бала, мағыналы оқу дағдылары қалыптаса келе білім шөлін Сізсіз, өздігінен қандырады! Өйткені, ол көз алдына елестету арқылы көкшіл түсті жарықты әсерлер инкубаторынан шығатындай жарқын әрі жанды өзінің әлеміне түседі.

Жақын арада Сіздің балаңыз өзін және айналасындағыларды кітаптан алған жан-жақты танымдарымен таңғалдыра бастайтындығына сенімді болыңыз. Оларды жақсы көруді тек Сіздің қайтпас табандығыңыздың арқасында Сіздің көмегіңізбен ғана үйрене алады.

ӘДІСНАМА ТУРАЛЫ

ӘДІСНАМА ТУРАЛЫ

Е.А. Бугрименко мен Г.А. Цукерманның анықтамасы бойынша «Oқу – бұл графикалық белгілерды «дыбыстаудан» басқа еш нәрсе емес» екен (1). Бұл анықтама Д.Б. Элькониннің «Оқу – сөздің графикалық моделіне сәйкес оның дыбыстық түрін жаңғырту үрдісі» деген қағидасына негізделген (2).

Бұл, кеңес дәуірінен кейінгі бастауыш сыныптың оқу бағдарламасының осы және осы тәрізді қағидалардың негізінде қайта жасалғанын білдіреді. Яғни бастауыш сынып оқушылары мен балабақша тәрбиеленушілеріне, ең бірінші, тілге дыбыстық анализ жасауды үйретеді. Алғашында балалар сөздің дыбыстық құрамын анықтап үйренеді. Кейін оларды ұзақ уақыт дауыстап оқуға мәжбүрлейді, осылайша мәтінді дыбыстау әрекеті дамытылады.

Нәтижесінде бастауыш сынып түлектерінің 95%-ы мәтінді өте жақсы дыбыстай алады. Оны оқу техникасының басты өлшемшарты болып табылатын оқушылардың мәнерлеп оқу мен оқу жылдамдығы бойынша жоғары көрсеткіштерінен байқай аламыз.

Мәтінді түсіну (ұғыну) көрсеткіші өлшемшарттар қатарында орын алады. Бірақ, 3, 4, тіпті 5-ші қатарда, бұл болса басқа кез-келген сөздерге қарағанда осы өлшемшарттың жұмыс істемейтінін, негізгі болмағандығын көрсетеді. Ең бастысы, мәтінді жылдам әрі мәнерлеп оқу, ал баланың мәтіннің мазмұнын түсініп-түсінбегені маңызды емес. Оқу сауаттылығының нәтижесі бұл тұжырымның дәлелі болмақ.

Келесі жылдары оқу бағдарламасы мен стандарттардың бірнеше рет өзгеруіне қарамастан, оқытудың негізі көп өзгерген жоқ. Оқушылар әлі де графикалық символдарды дыбыстап келеді.

Оқуға үйрету дегеніміз үнемі «белгілерді дыбыстау» болды ма? Жоқ. Бұл тәсіл оқу бағдарламаларында XX ғасырдың 80-жылдарынан бастап енгізілді.

Бұл тәсілдің бағаландыруы PISA-2000 қорытындысы бойынша төмен нәтижелер көрсетті. Зерттеуге 32 ел қатысып, ресейлік оқушылар оқу сауаттылығынан тек 27-ші орынға ие болды. Бұндай зерттеуге оқушылары бірінші сыныптан бастап түгелдей фонематикалық тәсілге қарай қайта құрылып, оқытылып келген бұрынғы кеңестік республикалардың ішінен Ресей Федерациясы алғашқы болып қатысты.

Дегенмен, қазіргі балалар, олардың ата-аналары да неге кітап оқымайды? Себебі оларға бастауыш сыныпта түсініп оқуды үйретпеген. Оқығанын түсініп оқыған кезде ғана адам қызығады, ары қарай не болатынын білгісі келеді. Сөйтіп, оқуға деген қызығушылық туады және оқу әрекеті қажетті, керекті нәрсеге айналады.

Оқу, зерделеу болса керек, бірақ графикалық белгілерді дыбыстау емес.  Кеңес одағының көрнекті психологы Лев Семенович Выготский былай деп жазған: «Түсінудің мәні — белгінің өзін пайдалануда, оның мағынаға, біздің назарымыздың орталығына айналатын әртүрлі пікірлерді бөліп алу үшін зейіннің жылдам қозғалысына қатынасында» (3).

Түсіну үдерісінің ең маңызды факторы үнсіз «іштей оқу» тәсілі болса керек. Дауыстап оқу, көрінетін символдарды дыбыстау болса оқуды қиындатады, сөйлеу реакциялары түсінуді баяулатады, оны байлап, зейінді бөледі. Ең қызығы, «іштей оқу» кезінде оқу үдерісімен қатар түсіну дағдысы да жоғарылайды (4).

Баланы кез келген жаста түсініп оқуға үйретуге болады деу қате. Тез оқу, тез түсіну дағдысы сияқты бастауыш сыныптарда ғана қалыптасады. Бірінші сыныптың аяғына таман бала «іштей оқу» дағдысын игеруі тиіс. Кейін үлкендердің тактикалық үйлестіруі арқылы баланың «іштей оқу» дағдысын ары қарай толық деңгейге жеткенге дейін барынша дамыту керек.

Оқу дағдысы толыққанды деңгейде болған кезде мәтінді түсінудің мағыналық бірлігі болып түгелінен сөйлем табылады. Сөз тіркесі немесе бір сөз емес. Олай болса, оқуға үйрету әдістемесін түбегейлі өзгерту керек.

Бұл орайда, ресейлік психолог Л.Я.Ясюкованың ғылыми-практикалық  жұмыстарының үлесі зор болды.  Ол мыңдаған Санкт-Петербургтік оқушыны қамтыған ауқымды зерттеуде оқуға үйретуде фонематикалық (есту) тәсілдің қате екенін дәлелдеді. Ғалым оқуға үйретуде есту үстемдігінің түсініп оқуды бұзатынына, сонымен қатар сауатсыз жазуды қалыптастыратынына бұлтартпас деректер келтірді. Нәтижесінде балалар қалай естісе солай жазып бастайды, мысалы, пышақтың орнына пыщақ, ащы –ашшы, дөңгелек – дөңгөлөк, көкөніс – көгөніс сияқты.  Л.Я.Ясюкова: «Оқушылардың 60% -дан астамы оқу дағдылары толық дамымаған түрде мектепті бітіреді. Олар маңызды әдеби шығармаларды оқымайды. Біреулері диктант жаза алғанмен, шығарма жаза алуы екіталай» -деп жазған  (5).

Жазуға үйрету – бөлек жұмыс. Сонымен қатар, жазуға үйрету тек қана «іштей» түсініп оқуды меңгергеннен кейін жүргізілуі тиіс.

Мүлде екі түрлі әрекет ретінде дыбыстау мен түсіну туралы мәселе әдістемелік тұрғыдан Л.С.Выготский тарапынан бұрыннан шешіліп, Кеңес елінде сәтті жүзеге асырылды. «Үнсіз оқу» — бұл жазудың ең маңызды түрі және оның тағы екі артықшылығы бар. Бірінші жылдың аяғына таман «іштей оқу» мәтіннің жолымен көз қозғалысын бекіту саны бойынша дыбыстап оқуды басып озады. Олай болса, «іштей оқу» кезінде әріптерді қабылдау мен көздің қозғалу үрдісі жеңілдейді.

Дауыстап оқу барысында көз алға жүгіріп дауыспен үйлескенде, көру аралығы пайда болады. Егер біз мектеп жасының іштей сөйлеудің қалыптасу уақытымен тұспа-тұс келетінін есте ұстасақ, үнсіз және дыбыссыз іштей оқуда іштен сөйлеуді қабылдаудың мықты құралы бар екенін түсінеміз» (6).

Бір кездері біз ең сауатты әрі көп оқитын ел болғанбыз. Сол кезге қайта оралатын уақыт келді емес пе?

 

1 Бугрименко Е.А., Цукерман Г.А. Оқып, жазып үйренеміз. М., 1994, 37-б,

2 Эльконин Д.Б. Балаларға оқуды қалай үйретеміз?, М., Знание , 1976

3 Выготский Л.С. Шығармалар жинағы: 6 том.Т. 3, 193-б, 1983).

4 Выготский Л.С. Шығармалар жинағы: 6 том.Т. 3, 192-б, 1983).

5 Ясюкова Л.А. Қазіргі оқушылардың сауатсыздығының психологиялық-педагогикалық себептері, Ұлттық психологиялық журнал №1(2) 6-б, 2007.

6 Выготский Л.С. Шығармалар жинағы: 6 том.Т. 3, 192-193-б, 1983.

ОҚУ САУАТТЫЛЫҒЫ ТУРАЛЫ

ОҚУ САУАТТЫЛЫҒЫ ТУРАЛЫ

«Қазақстанның білім беру жүйесін нығайту: 2009 және 2012 жылдары өткізілген PISA зерттеулерінің нәтижесін саралау» атты Дүниежүзілік банктің есебіндегі бір тұжырымдамада былай делінген: «Қазақстан Республикасының білім беру жүйесіндегі ең күрделі мәселе – оқу сауаттылығы…»

PISA зерттеуінің басты сауалы мынадай: «Жалпы міндетті орта білім алып шыққан 15 жасар балалар қоғамда толыққанды өмір сүру үшін қажетті білім, білік, дағдыға ие ме?»

Қоғамда толыққанды өмір сүру қабілеті математикалық, оқу, жаратылыстану сауаттылығы арқылы бағаланды. Оқу дағдысы – математикалық және жаратылыстану сауаттылығы тұрғысынан анықтаушы басты зияткерлік білік. Оқу сауаттылығын бағалау үш негізгі аспектіден құралады. Бұл оқылғанды түсіну, жалпы мәнмәтіннен қажетті ақпаратты табу және шығару, оны пайдалану, ойлану және өз жауабын негіздеп дәлелдеу қабілеті.

Қазақстанның көрсеткіштері өзінің бұрынғы көрсеткіштерінен де, ЭЫДҰ елдерінің көрсеткіштерінен де едәуір төмен болды. «Соңғы үш жылдың ішінде математикадан 57 ұпайға, жаратылыстану ғылымдарынан 59 ұпайға, оқу сауаттылығынан 40 ұпайға төмендеген. 2018 жылдың қорытындысы бойынша жаратылыстану ғылымдары мен оқу сауаттылығының көрсеткіштері 2009 жылғы өз көрсеткіштерінен төмен болды.

Пәні

2009

2012

2015

2018

Математика

405

432

460

423

Жаратылыстану

400

425

456

397

Оқу сауаттылығы

390

393

427

387

 PISA ұпайларының жылдар мен пәндерге бөлінген көрсеткіші

/Informburo.kz кестесі

Оқу сауаттылығы бойынша алғашқы нәтиже 390 ұпай болған, кейінгі жылдары 393 пен 427 ұпай болып көтерілген. Ал 2018 жылдың нәтижесі бойынша 387 ұпайға күрт түсіп кеткен. Ол 78 орынның ішінде 69- орын. Бізді тіпті PISA-ға бірінші рет қатысып отырған  Украина 466 ұпай алып, 39 –орынға шығып озып кетті. Кезінде дүние жүзінде ең оқығыш боп есептеліп келген  бұрынғы Кеңес Одағы елдері рейтингтің орта шамасында тұр. Ресей мен Беларусь 31 және 36 орындарды иеленген» (1).

PISA-2012 ге байланысты «Білім берудің бағасы мен сапасы жөніндегі ұлттық орталықтың есебінде:  «Оқу дағдысы бойынша жоғары нәтиже көрсете алмайтындардың бөлігі 93,07%-ды құрайды, ол Қазақстандағы білім алушылардың оқу дағдысының төменгі деңгейде болғанын көрсетеді»- делінген. Бұл, 15 жасар оқушылар оқылған мәтінді түсініп, талдай алмайды деген мағынаға келеді. ЭЫДҰ сатысы бойынша бұндай балалар «функционалды сауатсыз» деп есептелінеді (2). Бұл қорытындыдан біздің оқушыларымыздың алған білімдерін өмірде пайдалануды айтпағанда, оқу дағдысы мүлдем дамымағандығын көреміз.

2009-жылы PISA зерттеуіне алғаш рет қатысқан балалар 2020-жылы жиырма алты жасқа толады. Бұлардың көбісі кәсіби білім алып, түрлі маман ретінде ересек өміріне бастап кетті, біреулері тіпті ата-ана атанды. Сонымен қатар, бұлар, түрлі қаржы пирамидаларынан опық жеп, жұмыс барысындағы дау-дамайлардан жеңіліп, жылжымалы/жылжымайтын мүлікті сатып – сатып алу кезінде туындаған небір күрделі мәселелерді шешуде қиналған жандар, өйткені бұл әрекеттердің барлығы да оқып, түсінуді қажет ететін құжаттармен рәсімделеді. Ал оны оқуға, түсінуге білік пен табандылық жетіспейді.

Оқу құзіреттілігі – бір Қазақстанның ғана осал жері емес. PISA-2018  зерттеуіне алғаш рет қатысып, бізді озып кеткен Украина оқушыларының 26%-ы оқу сауаттылығы бойынша негізгі деңгейге жете алмай тұр.

Украин оқушыларының зерттеу нәтижелері мәтінді түсінудің мағыналық бірлігі бір бүтін сөйлем болуы керек деп пікір айтқан белгілі ресейлік психолог маманы Людмила Аполлоновна Ясюкованың Санкт-Петербург мектептерінде жүргізген зерттеулерімен байланысты болды.

Л.А. Ясюкованың әдістемесіне сәйкес, бала бүтін бір сөйлемнің мағынасын ұққан кезде ғана оның оқу сауаттылығы қалыптасқан деп айтуға болады. Егер ол тек сөздің не сөз тіркесінің ғана мағынасын түсінсе, баланың түсініп оқу  дағдысы қалыптаспаған деп білеміз. Яғни бала не туралы айтылып жатқанын түсінбейді.

Л.А. Ясюкованың айтуы бойынша, мектептегі білімнің екінші жылының аяғына қарай оқушылардың 1-2%-ында оқу барысында тек сөз тіркесін түсіну деңгейінде оқу дағдысы қалыптасады. Мұндай оқу деңгейінде: «сөйлемнің мағынасы бірден түсінілмейді, бір түрлі екі немесе үш бөліктен тұратын сияқты болады, сондықтан оқу дағдысы толыққанды болмайды» (3). Яғни, бір сөз немесе бір сөз тіркесінің мағынасын түсіну баланың санасында үзік-үзік бөліктер боп шашырап жатқан мәтіннің мағынасын ұғыну үшін жеткілікті емес. 

Канададағы University of New Brunswick-тың социология ғылымдарының профессоры, PISAD (PISA forDevelopment) бағдарламасының бірлескен авторы Лучия Трамонте: «Мансабымның 20 жылын математика және оқуда оқушылардың жетістіктерін зерттеуге арнадым. Ал қазір кітап оқудан бас тартып отырған баланы тәрбиелеп отырмын.  Ұлым екінші сыныпта, ол 7,5 жасында, дәл қазір өтпелі кезеңге келді. Балаларды оқып, жазуға мектептің алғашқы үш жылында үйретеді. Ал төртінші сыныптан ұстаздар тарих, география сынды пәндерді енгізеді. Олай болса, олар ендігі балаларға оқуды үйретпейді, балалар оның орнына басқа пәндерді үйрену үшін оқуы керек. Осы кез «оқу үшін үйретуден» «үйрену үшін оқуға» өту кезеңі болып табылады. Егер осы өтпелі кезең іске аспай қалса, оқушы басқа пәндерді сәтті игере алмайды» (4).

Олай болса, бесінші сыныптан бастап, орта буында негізгі ғылымдарды меңгеруге келгенде, толыққанды оқу дағдысы қалыптаспаған оқушылар қинала бастайды. Өйткені оқу дағдысы алғашқы қадамдары бастауыш сыныптан қалыптасатын ойлау әрекетінің дамығандығын көрсетеді. Толыққанды емес оқу дағдысы және жеткіліксіз ойлау деңгейі сол PISA бағдарламасының нәтижерелеріне әсер етеді.

Өкінішке орай, бастауыш мектеп үшін қолданымдағы оқу бағдарламаларының төмен сапасы «оқу үшін үйретуден» «үйрену үшін оқуға» мүдірмей өтуге жағдай жасамайды, көбінесе тікелей кедергі келтіреді. Профессор Л. Трамонте әлсін-әлсін: «Бұл балалар мектепте не істеді? Білім беру үрдісі қалай жүргізілді? Бұларды ертерек байқауға болатын ба еді? Олар үшін не істеу керек еді?» — секілді сұрақтарға жауап іздеп келеді.

Бастауыш сыныптардың оқу бағдарламасына өзгерістер енгізу біздің де, ата-аналардың да, бітпейтін күнделікті істерден шаршап жүрген мұғалімдердің де қолынан келмейді. Алайда, біз бір баланы түсініп оқуға үйрете аламыз. Ол өзінің қажеттіліктерін, содан кейін ғана қоршаған әлемді танып-білудегі міндеттерін жеткілікті түрде орындай алуы үшін бұған мектепке бармай тұрып түсініп оқуды үйреткен жөн.

 

  1. Хабдулхабар Ж.PISA-2018: қазақстандық оқушылар алғаш рет 10 жылдың ішінде төмен сауаттылық деңгейін көрсетті, 5 желтоқсан 2019, https://informburo.kz/stati/pisa-2018-kazahstanskie-shkolniki-vpervye-za-10-let-pokazali-snizhenie-urovnya-gramotnosti.html
  2. Нурбаев Ж. «PISA халықаралық емтиханынан қазақстандық оқушылар неге сүрінді», журнал Forbeskz, 22.05.20.
  3. ЯсюковаЛ.А. «Орта буындағы білім беру мәселелерін болжау және алдын алу — 3-6 — сыныптар, СПб: Иматон, 2001.
  4. Кисельова К. Балалардың білім алуға қызығушылығы неліктен төмендейді? «Освитория» журналы 12.2019 https://osvitoria/media

БІЗДІҢ ТІЛЕКТЕРІМІЗ

  1. Баланы бірінші сыныпқа дейін мағыналы оқуға үйреткен жөн. Заманауи оқу бағдарламасы және мұғалімге деген жүктеме, өкінішке орай, бұны жасауға мүмкіндік бермейді.
  2. Егер бала оқуды тек бірінші сыныпта ғана үйреніп бастаса, Сіздің оның бірінші оқу жылының соңына қарай ішінен үнсіз оқуды үйренуі үшін көп күш салуыңыз керек.
  3. Қалыптасқан мағыналы оқу дағдысын, бүкіл бастауыш мектеп бойынша мектеп пәндері арқылы, кітаптарды іріктеу, сатып алу, жүктеу арқылы, оларды бірлесіп талдау, сұрақтарды құрастыру және оларға жауап табу арқылы қостап, барынша қолдау қажет.
 
 

ТОЛЫҚ ДАМЫМАҒАН ОҚУ ДАҒДЫСЫНЫҢ САЛДАРЫ

ТОЛЫҚ ДАМЫМАҒАН ОҚУ ДАҒДЫСЫНЫҢ САЛДАРЫ

келесі жағдайларда сөзсіз пайда болады:

  1. Бүкіл зияткерлік саласының жетілмеуінде. Оның бастауыш мектептегі бірінші белгісі (ата-ана үшін дабыл) математикадан мәтіндік есептерді шығара алмауы (оны қаламауы). Кейін осыған жатталған ережелерді немесе формулаларды пайдалана алмауы, эссе, шығарма жаза алмауы қосылады.
  2. Орта буында (6-7 сыныптарда) балаларды түсініп оқуға үйрету іс жүзінде мүмкін емес. Осыған байланысты баланың кейінірек көркем әдебиетке қызығушылығы туындайтынына жалған үміттенудің мәні жоқ. Оны керекті түрде дайындамаса, ешқандай да ғажайып нәрсе болмайды. Жалпы айтқанда, бала түсініп оқуды үйренбесе, ол кейін ойлануды да үйрене алмайды.
  3. Мектептің соңғы сыныптарында оқуды меңгермеу ҰБТ, БМЭ, YGS, YÖS, SAT, ACT, IB, IELTS, TOEFL секілді т.б. емтихандардың нәтижелеріне кері әсерін тигізуі әбден мүмкін.
  4. Сауатсыз жазуда, ресми қағаздарды толтырарда қате жіберуде (жұмысқа тұрар кезде шартты қағаздарда, сауалнамаларда, терме сауалдауыштарда және т.б), алаңғасарлықта, оқыған кезде және келісімдерге қол қойған кезде түсініспеушілікте, бұл да түрлі салдарға әкелуі мүмкін.
  5. Ересек адамның төмен мәдени деңгейінде.