Сатып алу

info@readwithquestions.com

Ата аналарға
ДАЛА ТЫШҚАНЫ МЕН ҚАЛА ТЫШҚАНЫ

Маңғаз тышқан қаладан қарапайым тышқанға келеді. Қарапайым тышқан далада өмір сүріп, өз қонағына бұршақ пен бидайды, өзінде барын берді. Маңғаз тышқан аздап кеміріп, былай дейді:
— Өмірің жұпыны болғандықтан өзің тым арықсың, сен маған келіп, мен қалай өмір сүріп жатқанымды көріп кет.
Солай қарапайым тышқан қонаққа келеді. Олар бірге еден астында түн түскенін тосты. Адамдар тамақтанып кетті. Маңғаз тышқан өз қонағын едендегі тесіктен қонақ бөлмеге апарып, екеуі үстел үстіне мінді. Қарапайым тышқан өмірінде осынша тамақ көрмеген, қайсысынан бастарын білмей есенгіреп қалды. Ол былай деді:
— Сенікі шындық, біздің өміріміз жаман екен. Мен қалаға қоныс аударамын.
Тек осыны айтып үлгеріп еді, сол бойда қолында майшамы бар адам кіріп келіп, тышқандарды ұстай бастады. Олар әрең тесіктен сыпырылып қашып кетті.
— Жоқ, — даладағы менің тірлігім шүкір. Менде осындай дәмді тағам болмаса да, бірақ менде осындай қорқыныш та жоқ.

СҰРАҚТАР:

1. Дала тышқанына қандай тышқан қонаққа келді?
2. Қарапайым тышқан өз қонағына қандай дәм татқызды?
3. Қонағы тамақтанып болғаннан кейін дала тышқанына не деді?
4. Қала тышқаны дала тышқанын қонаққа шақырды ма?
5. Адамдардың кеткенін олар қай жерде күтті?
6. Қай бөлмеде олар үстелдің үстіне мінді?
7. Дала тышқаны ұсынылған дәм туралы не айтты?
8. Олар адамнан қалай қашып кетті?
9. Майшам ұстаған адам дала тышқанының пікірін қалай өзгертті?
10. Қай тышқан даладағы өз өмірін жақсырақ деді және неліктен?

Балаларға
ДАЛА ТЫШҚАНЫ МЕН ҚАЛА ТЫШҚАНЫ

Маңғаз тышқаны қаладан қарапайым тышқанға келеді. Қарапайым тышқан далада өмір сүріп, өз қонағына бұршақ пен бидайды, өзінде барын берді. Маңғаз тышқан аздап кеміріп, былай дейді: